Сәрсенбі, 17 шiлде, 15:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

«Құрсағымдағы сәбидің жүрегі тоқтап қалды»: мемлекеттік қызметкер жүктеме көптігін айтып, Президенттен араша сұрады

09.08.2023

285 0

Әлеуметтік желі қолданушысы Айнұр Өтеген мемлекеттік қызметтегі шамадан тыс жүктеме салдарынан баласы шетінеп кеткенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«Мен – мемлекеттік қызметкермін! Өз жұмысына 100 пайыз берілген мемлекеттік қызметкермін! Менің мемлекетім жүзеге асырылмайтын заңдарды неге шығаратынын білгім келеді. Қызметкерлерге сағат 18:30-дан кейін жұмыс жасатуға тыйым салынады деп әлеуметтік желілер жар салды, заң қабылданды. Алайда вацап желісінде тапсырма түсуі тоқтамайды, 18:30-ың не, түнгі сағат 23-терде де тапсырма түсіреді де жатады басшылар. Жұма күні ЖМББДҚ жазғы лагерьге баратын балалардың мәліметін жинап, түнгі сағат 02:00-ге дейін жұмыста отырдық. Облыстық білім басқармасынан арнайы үлгі не шаблон берілмеді, әріптесімізбен түс ауғанша 1469 баланың мәліметін жинап өткіздік аудан бойынша. Ол ақпаратымызға білім басқармасынан қанағат болмай, кеш түскенде, сол тапсырманы қайта жасатты6 баланың ЖСН, ата-анасы туралы мәлімет, телефон номерін қостырып.

Оның сөзінше, лагерьдегі жұмыстарға байланысты шамадан тыс тапсырма берілген.

«Түнгі сағат 02:00-ге дейін жұмыс жасатты. Не бізге маза жоқ, не мектеп қызметкерлерінде маза болмады. Ертеңгі күні ауырып ауруханаға түстім. Утомление + стресс. Құрсағымдағы сәбиге әсер еткен. Жүрегі тоқтап қалды. Айырылып қалдым сәбиімнен. Мен жұмыс режимін көрмеген мемлекеттік қызметкермін! Мен сенбі/жексенбінің демалысын білмейтін мемлекеттік қызметкермін! Маған ҚР Еңбек кодексінің баптарының қатысы жоқ мемлекеттік қызметкермін! Неге біздің елде заңнамада көрсетілген жұмыс уақытының регламенті сақталмайды? Қазір операцияға кіргізеді. Құрсағымдағы өлген сәбиімді кесіп алады», – дейді ол.

Мемлекеттік қызметкер Президентке, басқа да жауапты органдарға үндеу жолдаған.

«Әр қызметкердің жұмыс уақыты регламенті сақталсын, нагрузкасы қайта қарастырылсын, жетпейтін штаттардың орны толтырылсын, бізге бөлініп беріліп отыр олардың жұмысы, қызметкерлерге құлдықтағы жан емес, қызмет көрсетуші ретінде сыйлы қарым-қатынас жасалуын, жұмыс уақыты аяқталған соң жұмыс жүктелмеуін талап етемін!!! Бізді қанағандарыңызды тоқтатыңыздар, басшылар!!! Отпусксіз, сенбі-жексенбісіз, күндіз-түні жұмыс жасаудамыз, физиологиялық та, психологиялық та тұрғыда қажыдық! Ағзамыз әлсіреді! Баламыз өлді!» – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да мемлекеттік қызметте жүйе бір ретке келтірілмегенін жазған.

«Біздің жүйе түсініксіз. Сөзі мен ісі қабыспайды. Бір кестені 1040 рет құбылту – басқарманың жазылмайтын «дерті». Әлеуметтік желіде сын айтыла қалса, іштен тұншықтыруға бейім. Азаматтарымызды демалыс пен жұмыс уақытына бағындырмай, өміріне зиян келтіргені үшін басшылар жауап беруі тиіс», «Мәселенің негізі дұрыс бағытқа салатын басшы да, жүйелі жұмыс та жоқ. Өтірік статистика мен презентациямен жүгіру. Бітпейтін жиналыс», «Шектен тыс. Еңбек заңыңа бағынбайтын басшыларды жауапқа тарту керек. Мына келіншек сотқа беруге құқы бар», «Өтірік статистика, өтірік қағаз – адамды қинау, алған азғантай айлығын желкесінен шығару «шіріген жүйе», «Мектепте жұмыс жасайтын бүкіл қызметкерлердің жұмысы осындай. Заң бар қағаз жүзінде, іс жүзінде жоқ», «Алла сабыр берсін! Жассың ғой, Алланың берері таусылмасын!» – дейді олар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: