Дүйсенбі, 04 қараша, 09:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Құтырма ауруы бойынша эпиджағдай тұрақты

08.11.2023

1149 0

Құтырма – бұл вируспен зақымданған жануарлармен тікелей жанасу арқылы, тістеу немесе сілекейлеуі мен тырнауы нәтижесінде тері немесе шырышты қабаттардың зақымдануымен берілетін аса қауіпті ауру.
Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы, яғни адамда аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін 10-нан 90 күнге дейін, кейде 1 жылдан астам уақытқа созылады.
Инфекция көзі – жабайы жыртқыштар, сондай-ақ үй жануарлары. Құтырма ауруының арнайы емі жоқ, бірақ алдын алу шаралары өте маңызды. Сондықтан санитариялық дәрігерлер жануардың тістеуі немесе тырнауы кезінде зардап шеккен адамға жараны сабынмен шұғыл жуу қажет екенін ескертеді, өйткені сілтілі орта құтырма вирусын бейтараптандырады. Содан кейін медициналық көмекке жүгініп, дәрігер тағайындайтын екпені алу қажет.
2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қызылорда облысы тұрғындары мен жануарлар арасында жергілікті аса қауіпті құтырма ауруы тіркелген жоқ. Дегенмен әр түрлі жануарлардың тістеуінен, тырнап, сілекейленуінен зардап шегіп, медициналық көмекке 1703 адам жүгінді, барлығы антирабикалық екпемен қамтылды.
Жарақат алғандардың басым көпшілігі, яғни 88% иттен алған жарақаттар болса, 10% – мысықтардан, 18 жағдай – жылқыдан, 2 жағдай – қасқырдан, 1 жағдайдан түлкі мен МІҚ алған жарақаттардың үлесінде болды.Жарақат алғандардың 51,3% – ауылдық елді-мекен тұрғындары.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары санитариялық-ағарту жұмыстарын медициналық қызметкерлер мен тұрғындар арасында тұрақты жүргізуде.

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: