2026 жылғы сәуір айында Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш, Жаңақорған аудандарында және Қызылорда қаласындағы «Qosyl» қалалық жастар орталығында Қоғамдық даму басқармасының бастамасымен «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Қоғамдық ұйымдардың тиімділігін арттыру және әлеуметтік жобаларды қолдау» тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

Іс-шаралардың мақсаты – өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру, олардың қызметін кәсіби тұрғыдан дамыту және мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалануға бағыт-бағдар беру.
Семинарларға заңгер, республикалық деңгейдегі мемлекеттік гранттар менеджері және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар жетекшісі Айтмамбетова Айжан спикер ретінде қатысып, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін дамыту, әлеуметтік жобаларды іске асыру және қаржыландыру мүмкіндіктері жөнінде тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараларға үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандары, сондай-ақ азаматтық қоғам белсенділері қатысты. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, пікір білдіріп, практикалық кеңестер алды.
Семинар барысында үкіметтік емес ұйымдардың қызметін тиімді басқару, қаржыландыру көздері, ұйымдардың тиімділігін арттырудың заманауи тәсілдері, үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына тіркелу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыру мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.

Іс-шаралар интерактивті форматта өтіп, қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды.
Аталған семинар-тренингтер үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби деңгейін арттыруға, мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді пайдалануға және өңірдегі азаматтық қоғам институттарының дамуына оң әсер етеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
