Бейсенбі, 25 сәуiр, 10:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысының бас полицейі Әлем чемпионатында және республикалық жарыстарда жүлделі орын алған қызметкерлерді  құттықтады

20.09.2022

696 0

Әлем чемпионатында күміс алқа иегері полиция лейтенанты Оразбай Арайлымды, Республикалық жауынгерлік қару атудан жеңімпаз атанған полиция подполковнигі Самратова Бақыткүл менполиция майоры Даврушев Русланды департамент бастығы Мұхтар Қожабаев қабылдап, жеңіс тұғырынан көрінген қызметкерлерді құттықтады.

Айта кетейік, Өзбекстан Республикасы, Наманган қаласында өткен «Белбеу» күресі бойынша Әлем чемпионатында 76 салмағында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция лейтенанты Оразбай Арайлым Бахытқызы II орын иеленген.

Ал, Тараз қаласында Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, арнайы құрылымдары қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыста әйелдер арасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция подполковнигі Самратова Бақыткүл Болатбекқызыменерлер арасында департаменттің Оқу-жаттығу взводының 1-санаттағы инспекторы полиция майоры Даврушев Руслан Рамизұлы III орынды  иеленген.

Қызылорда облысы Полиция Департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев Әлемдік және Республикалық деңгейде Қазақстанның және облысымыздың намысын қорғаған қызметкерлерді жеңістерімен құттықтап, қызметте абырой, отбасыларына амандық тіледі!

Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: