Өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғау мақсатында саяқ шегірткеге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде.
Бүгінгі таңда мамандар тарапынан тұрақты мониторингтік зерттеулер ұйымдастырылып, нәтижесінде жалпы көлемі 17,9 мың гектар аумақта саяқ шегірткелердің таралуы экономикалық зияндылық шегінен асқаны анықталды.Анықталған ошақтарға қарсы жедел шаралар қабылданып, қазіргі уақытта 11,2 мың гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға арнайы жерүсті агрегаттары мен аса жеңіл әуе техникасы – дельтопландар тартылған.Өңдеу барысында Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген «ГУНСЯО» 10% к.э. және «ТИАМЕТРИН» с.к. препараттары пайдаланылуда. Аталған препараттар зиянкестердің таралуын шектеуге және ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғауға бағытталған.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс шаралары алдағы уақытта да жалғасады. Фитосанитариялық жағдай тұрақты бақылауда ұсталып, қажетті жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Облыс аумағындағы егістік және жайылым жерлерді қорғау мақсатында жауапты мекемелер мониторинг жұмыстарын күшейтіп, анықталған ошақтарға дер кезінде өңдеу жүргізуді қамтамасыз етуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
