Сенбі, 09 мамыр, 10:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Қызылордада Ұлы Жеңіс батырларын еске алуға арналған митинг өтті

09.05.2026

52 0

Фото: Қызылорда қаласы

Бүгін Қызылорда қаласындағы бауырластар зиратында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған тағзым митингі өтті. Іс-шараға әскери ұрыс қимылдары ардагерлері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, этно-мәдени бірлестіктер мүшелері, Қызылорда қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы,жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және оқушылар қатысты.

Қызылордада Ұлы Жеңіс батырларын еске алуға арналған митинг өтті
Қызылордада Ұлы Жеңіс батырларын еске алуға арналған митинг өтті

Митинг Құрмет қарауылының сап түзеуімен басталды. Жиынды «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы Галина Щербакова ашып, Жеңіс күнінің ел тарихындағы маңызына тоқталды.

Қызылордада Ұлы Жеңіс батырларын еске алуға арналған митинг өтті
Қызылордада Ұлы Жеңіс батырларын еске алуға арналған митинг өтті

– Жеңіс күні – қайғы мен қуаныш қатар өрілген қасиетті мереке. Бұл – майдандағы ерлік пен тылдағы жанкешті еңбектің, миллиондаған адамның тағдыры мен құрбандығының символы. Бүгінгі ұрпақ бейбіт өмірдің қандай ауыр жолмен келгенін ұмытпауы керек, – деді ол.

Қызылордада Ұлы Жеңіс батырларын еске алуға арналған митинг өтті
Қызылордада Ұлы Жеңіс батырларын еске алуға арналған митинг өтті

Шара барысында жүргізушілер Ұлы Жеңістің тарихи мәні туралы айтып, майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстанда құрылған даңқты Панфилов дивизиясының ерлігі мен оның бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны ерекше аталды. №5 мектеп-лицейінің оқушылары әскери-патриоттық бағыттағы әдеби монтаж ұсынып, Отан қорғаушыларға арналған өлеңдер оқыды.

Қызылордада Ұлы Жеңіс батырларын еске алуға арналған митинг өтті
Қызылордада Ұлы Жеңіс батырларын еске алуға арналған митинг өтті

Митингте соғыс жылдарындағы медбикелердің жанқиярлық еңбегі де ерекше сөз болды. Қатысушылар майдан даласынан жараланған сарбаздарды құтқарған ақ халатты абзал жандардың ерлігіне тағзым етті.

Қызылордада Ұлы Жеңіс батырларын еске алуға арналған митинг өтті

Сонымен қатар, Қызылорда қаласының соғыс жылдарында маңызды эвакуациялық госпиталь орталығы болғаны айтылды. Майданнан әкелінген мыңдаған жаралы сарбаз осында ем алған. Алайда олардың барлығын аман алып қалу мүмкін болмаған. Бүгінде бауырластар зиратында 81 жауынгер жерленген, олардың жетеуінің есімі белгісіз.

Қызылордада Ұлы Жеңіс батырларын еске алуға арналған митинг өтті

Шара соңында жиналғандар қаза болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. Әскери-патриоттық әндер орындалып, Жеңіс рухына тағзым жасалды.

Митингтің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа тарихи жадыны сақтау, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру және ерлік көрсеткен батырларға құрмет білдіру болды.

Қызылордада Ұлы Жеңіс батырларын еске алуға арналған митинг өтті
Қызылордада Ұлы Жеңіс батырларын еске алуға арналған митинг өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: