Сенбі, 20 сәуiр, 03:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жерге орналастыру, геодезия және картография күні аталып өтті

11.03.2023

303 0

Өткен жылдан бастап «Жерге орналастыру, геодезия және картография күні» 12 наурыз күні аталып өтілетін болып белгіленді. Аталған кәсіби мереке бұған дейін әр жылдың наурыз айының екінші сенбісінде мерекеленетін.

Мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының №2 ХҚО ғимаратында жиын өтті. Шарада филиал басшысы Аида Абибуллаева сала мамандарына ізгі тілегін жолдап, жер саласының еліміз үшін маңызы зор екенін айтып өтті.

«Жер саласы – ел экономикасының алдын діңгегі. Мемлекетіміз егемендік алғаннан бастап, салаларыңызға салмақты жүк артып, сенім білдірді. Өйткені ол уақытты өндіріс орындары тұралап, ел қазынасы жерден ғана несібесін терді десек қателеспейміз. Осы қиын уақыттан халықты алып шыққан – сіздердің есіл еңбектеріңіз», – деді Аида Ибрагимқызы.

Салтанатты шараның қонақтары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаев пен Қызылорда облысының Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаев жер саласы мамандарына деген ыстық ықыластарын білдірді.

Мерекелік шара легі мәртебелі міндетін мінсіз атқарған мамандарды марапаттаумен жалғасты. Жер саласында 32 жыл еңбек еткен Жер қатынастары басқармасының жетекші эксперті Ұлзада Бержекенова мен басқарманың Арал аудандағы бөлімінің жетекші эксперті Әлібек Айназарова «Еңбек даңқы» төсбелгісін кеудесіне тақты. Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет көрсету саласы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен 2 маман, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс хатымен 11, қала әкімі Асылбек Шәменовтың Алғыс хатымен 17 сала үздігі марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: