Дүйсенбі, 06 мамыр, 15:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық тұрғын әйелімен жанжалдасып, өзін-өзі өртеп жіберді

31.07.2023

668 0

Қызылорда облысында әйелімен жанжалдасып қалған ер адам өзін өртеп жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға 30 шілде күні облыс орталығындағы аудандардың бірінде болған. 37 жастағы ер адам әйелімен жанжалдасып, өзіне бензин құйып өртеп жіберген.

«Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін денесін термиялық күйік шалған зардап шегуші көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.

Көпсалалы облыстық аурухана жеке деректерді қорғау туралы заңына сүйеніп, науқастың жағдайына қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Қызылорда облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: