Жұма, 26 сәуiр, 16:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызықты шоу мен аста-төк тағам: Димаш Дубайда үлкен мейрамхана ашатынын айтты

19.12.2021

836 0

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында Дубайда мейрамхана ашатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Достар, Дубайда жақында менің жаңа кәсіп мекемем ашылады. 2022 жылдың 15 наурызында Бурдж-Халифа зәулім ғимаратына қарама-қарсы орналасқан Address Boulevard отеліндегі орын дубайлық жұрттың көңілінен шығар деген үміттеміз. Жоба DQ Show & Gastronomy деп аталады. Бұл театрлық шоу мен жоғары сапалы ас үй тамағының үйлесімі болады», – деп жазды ол Instagramда.

Әншінің айтуынша, екі жарым мың шаршы метрлік орын 300-ін кәсіби сахнадан тұрады.

«Бұл сахнада жоғары деңгейдегі әртістер өнерін көрсетеді. Дубайдың адам тартатын ортасындағы мейрамханада керемет театр шоуына және түрлі талғамға арналған асқа баса мән беріледі. all-inclusive форматы кулинарлық шедеврден ләззат алуға мүмкіндік береді. Ас түрінің кеңдігі сонша, ең кірпияз мейман өз талғамына қарай ас іше алады. Еттің түр-түрі, теңіз өнімдері мен премиум класс санатындағы сусындар беріледі. DQ Show & Gastronomy! Билет алу үшін мұнда өзіндік жүйе де қалыптасқан. Бір уақытта оған 300 адам сияды. Әр айда мұнда әлем жұлдыздарының қатысуымен кеш өтеді», – дейді Димаш Құдайберген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: