Жұма, 19 шiлде, 05:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Рақымшылық жасау туралы заңы таныстырылды

10.12.2021

795 0

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бүгін Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі аралас ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандарға жеке-жеке  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы түсіндіріліп, таныстырылды.

Заңда көрсетілгендей қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыс жасаған азаматтар  және  ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады.  Сонымен қоса залал келтіруге әкеп соқпаған, оны не толық өтеген немесе ол бойынша азаматтық талап қойылған азаматтар жазасын босатылады деп көрсетілген.

 «Мекеме қызметкерлері заңды толық түсіндірді. Қандай баппен сотталған азаматтарға қолданылатынын, жеңілдіктер бар ма деп сұрап білдім. Егер менің де бостандыққа шығуыма мүмкіндік болып жатса отбасымнан бір сәт жырақтамаймын. Отбасымның жанына барып жаңа өмір бастаймын.», -дейді сотталған азамат.

Қазіргі таңда мекемеде 800-ден астам сотталған жазасын өтеуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: