ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі былтырдан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістерге қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды KAZINFORM
-Абоненттік құрылғыларды верификациялау жүйесі 2025 жылғы 25 маусымнан бастап тұрақты жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ақпараттық жүйеде 9 миллионнан астам IMEI-код тіркелді. Бұған қоса, заңсыз құрылғылармен күрес аясында нақты шектеу шаралары жүргізілді. 2026 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша, «сұр» тізімде болу мерзімі аяқталуына байланысты жалпы 812 915 IMEI-код «қара тізімге» көшіріліп, олардың жұмысы бұғатталды, – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Ведомствоның мәліметінше, бұл көрсеткіштер қабылданған шаралардың тиімділігін және ұялы құрылғылар нарығының «көлеңкеден» шығып, ашық жұмыс істеуге көшкенін нақты дәлелдейді.
-Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан бұл бақылау тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ел экономикасына да оң әсерін тигізіп жатыр, – деп аталып өткен министрлік ақпаратында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
