Бейсенбі, 21 мамыр, 21:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Спортшыға құрмет көрсетті

21.05.2026

25 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Спорт саласындағы әрбір жетістік ел мерейін үстем етумен қатар, жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырады. Ал, сенімді ақтаған спортшыға елдің құрметі де ерекше.

Жуырда Тайланд астанасы Бангкок қаласында Пара пауэрлифтингтен өткен Азия және Мұхит аймағының (Asia-Oceania) ашық чемпионатында 67 кг салмақта сайысқа түскен жерлесіміз Дилназ Айтжан жалпы ұпай бойынша І орын иеленіп, ел мерейін асырды.

Спортшыға құрмет көрсетті

Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатов жеңімпаз спортшы мен оның бапкері Кабира Асқарованы қабылдады.


«Сізді жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл ең алдымен қажырлы еңбектің және тәжірибелі жаттықтырушының арқасы деп білемін. Өйткені спортшының рухани және физикалық тұрғыдан кемел болуы жеңіске жетелейді. Бойында биік те, өршіл рухы бар сіздей батыр жас ұрпақ өсіп келе жатқанына шынайы ризамын», – деді Нұржан Сәбитұлы.

Спортшыға құрмет көрсетті

Шаһар басшысы 23 елден 249 спортшы қатысқан чемпионаттың жеңімпазына ыстық лебізін білдіре отырып, қаланың ең жоғары марапаты – «Құрмет грамотасы» мен бапкері екеуіне қаржылай сыйақы табыс етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: