Мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен беделі мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, олардың әдеп нормаларын сақтау деңгейіне де тікелей байланысты. Әдеп қағидаттарын сақтау мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өз қызметінде заңдылық, әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алады. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін адал орындауы, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық танытуы және қызметтен тыс уақытта да жоғары адамгершілік қасиеттерді ұстануы мемлекеттік қызмет әдебінің негізгі талаптары болып табылады.
Мемлекеттік қызметшінің әдепті мінез-құлқы қоғамдағы мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Әрбір қызметкер өз әрекеті мен қабылдаған шешімдерінің заң талаптарына сәйкес болуына, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына ерекше мән беруі қажет.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте қызметтік әдеп нормаларын сақтау сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды тетіктерінің бірі болып саналады. Адалдық, әділдік және бейтараптық қағидаттарын ұстану мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Департаментте қызметкерлер арасында әдеп мәдениетін нығайтуға, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға және қызметтік тәртіпті сақтауға бағытталған түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл шаралар ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға және мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімі әрбір мемлекеттік қызметшінің күнделікті қызметінен басталады. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің әдеп талаптарын қатаң сақтауы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен халық сенімін нығайтудың маңызды шарты болып қала береді.
Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтің жоғары стандарттарын сақтауға, әдеп қағидаттарын нығайтуға және азаматтарға сапалы қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.
Б. Сарсенбаева,
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
