Жұма, 29 мамыр, 19:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Журналистиканың болашағы зор

29.05.2026

64 0

Фото: ашық дереккөзден

Журналист – қоғам      мен    халықтың   арасындағы   алтын   көпір   ғана    емес, заманның үнін жеткізетін   маңызды мамандық иесі.   Ақпарат ғасырында  журналист мамандығының  болашағы зор екені байқалады.  Қазіргі таңда  технологияның  дамуы  журналистика  саласына үлкен  өзгеріс  әкеліп,  ақпарат кеңістігін  кеңейтуде.

Бүгінде  жаңалық  тек  газет  пен  теледидар  арқылы  ғана  емес,  интернет,  әлеуметтік  желілер,  түрлі   цифрлық  платформалар  арқылы  да  жылдам  таралады.  Сондықтан  заманауи  журналист  тек  сауатты   жазып   қоймай,   жаңа   технологияны   еркін  меңгере  білуі   қажет.   Фото  және  бейнемонтаж  жасау,  онлайн  сұхбат  жүргізу,  ақпаратты  жедел  өңдеу,   әлеуметтік  желіде  аудиториямен  байланыс  орнату қазіргі  журналистке  қажет   маңызды   дағды.

Жасанды интеллект  пен  цифрлық  технологияның  дамуы  журналистика  саласына  жаңа  бағыт  әкелуде.

Бүгінде кейбір  жаңалықтар  автоматты  түрде  жазылып,  деректер  арнайы  бағдарлама  арқылы  талдануда. Алайда қандай  технология  дамыса  да адам  ойының  тереңдігі мен  шынайы  пікірін толық  алмастыра  алмайды.  Сондықтан  кәсіби  журналистің  орны  әрдайым  ерекше.

Журналист мамандығы – үлкен  жауапкершілікті  талап  ететін  сала.  Халыққа  тек  шынайы,  нақты  әрі  пайдалы  ақпарат жеткізу – журналистің  басты  міндеті. Сонымен қатар  бұл мамандық  адамнан  ізденімпаздықты,   батылдықты,  шешендікті  және  әділдікті  талап  етеді.

Менің ойымша,  журналист  мамандығының  болашағы жарқын.  Ақпаратқа деген  сұраныс  ешқашан  азаймайды,  керісінше  уақыт  өткен  сайын  арта  түседі. Технология  дамыған  сайын  журналистиканың да жаңа мүмкіндіктері  ашылып,  бұл  мамандық  заманмен  бірге  жаңарып  отырады.

Сөз соңында, журналист  болу тек  мамандық  таңдау  емес , бұл   халықтың   мұң-мұқтажын  жеткізе  білу,  сыни  пікірлерді  көтере  білу дегім  келеді.  

Балжан Қақарман

                  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: