Құрылтай

Бейсенбі, 09 шiлде, 22:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Су шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

09.07.2026

42 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатов су шаруашылығы қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Адал еңбекпен ел ырысын арттырған сала мамандарына елдің алғысы мен құрметі қашанда жоғары. Әрбір тамшының ысырап болмауына барын салып, кәсібіне деген құрметті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан сала ардагерлері мен мамандарына еңбектері үшін ризашылық білдіремін, – деді қала әкімі Нұржан Сәбитұлы.

Басқосуда шаһар басшысы су шаруашылығы саласының бірқатар қызметкерлеріне қаланың ең жоғары марапаты «Құрмет грамотасы» мен Алғыс хаттарын табыстады.

Өз кезегінде, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Шәменов, қалалық мәслихаттың төрағасы Ибадулла Құттықожаев, «Қызылордасушар» өндірістік учаскесінің басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Жорабек Нұрымбетов және облыстық мәслихаттың депутаты Мақсұт Нәлібаев сөз сөйлеп, су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ізгі тілектерін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: