Ағымдағы жылдың 10 шілде күні Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановтың қатысуымен Су және балық шаруашылығы мен ветеринария қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында аталған салалардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлі ерекше аталып өтті. Жиында сала ардагерлері де бой көрсетті.
Шара барысында өз саласының дамуына сүбелі үлес қосып, ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен бірқатар мамандар Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық наградаларымен, сондай-ақ облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Айта кетсек, «Еңбек ардагері» медалі «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өндірістік-техникалық құрылыс жұмыстары бөлімінің басшысы Жұмабек Махмудұлы Мырзабековке және «Қазақстан Республикасының су шаруашылығының үздігі» төсбелгісі Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Су ресурстары бөлімінің басшысы Жүсіпбек Өмірзақұлы Әжібековке табысталды.
Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға құрмет көрсетілді.
Барша сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
