Бейсенбі, 30 мамыр, 23:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

«Су жүйесі» жаңа техникамен толықты

30.12.2022

278 0

Бүгін шаһар басшысы Асылбек Шаменов ШЖҚ « Су жүйесі » мекемесіне барып, тұтас бір қаланы ауыз сумен қамтамасыз етіп, тазалығына жауапты біріккен кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын толықтыру мақсатында жаңадан алынған 10 арнайы техникамен танысты.

Алынған арнайы техникалар Белорусияның Минск қаласындағы «Коммаш» зауытында өндірілген. Құны 400 млн. теңгеден асатын көліктерді жеткізіп беруші «МАЗ центр Казахстан» ЖШС-і.

Қала әкімі Асылбек  Шаменов мекеме қызметкерлерімен кездесу барысында «Қажеттілікті қамтамасыз ету жолында үздіксіз жұмыстар жасалуы керек. Осы күнге дейін алынған техникалардың белгілі деңгейде ескіруіне байланысты, заман ағымынан қалмай мәселенің себебімен емес салдарымен күресу мақсатында облыс әкімінің тікелей қолдауымен жүйелі жұмыстардың алғашқы нәтижелері көріне бастады. Алдағы уақытта тұрғындарға сапалы қызметті арттыру бағытында қажетті техникалар рет-ретімен алынатын болады» деді.

Сондай-ақ, шаһар басшысы ел игілігі үшін жасалған бұл жұмыстың баянды болуы ендігі жерде жұмысшылардың мемлекет мүлкіне деген жанашырлығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін тілге тиек етіп, қала тазалығына жан берген еңбеккерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: