Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 16:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Суды қалай үнемдейміз?

28.12.2021

1246 0

Сырдариядағы су тапшылығы қазіргі таңда күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналып отыр. Осы орайда Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының екінші кезеңі» 3-ші компоненті аясындағы «Су тапшылығы жағдайында егін шаруашылығына су үнемдеу технологияларын ендірудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы онлайн форматта семинар өтті.

Семинарға Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Қамбарбек Мүбараков, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Сейілбек Нұрымбетов, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының директоры Хамит Биімбетов және жергілікті шаруашылық өкілдері қатысты.

Жиынның ашылуында Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының агротехнология, мелиорация және топырақтану бөлімінің бас ғылыми қызметкері ҚР ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі Серікбай Өмірзақов сөз сөйлеп, семинардың маңызына тоқталды.

– Жаһандық климаттың өзгеруінен туындаған су тапшылығы жағдайында су қорларын тиімді пайдалану өзекті мәселе. Қызылорда облысында өткен ғасырдың 75-80 жылдары инженерлік жүйеге келтірілген егіс алқаптары іске қосылып, нәтижесінде өңіріміз елді күрішпен қамтамасыз ететін аграрлы аймаққа айналғаны белгілі. Сонымен қатар инженерлік жүйеге келтірілген егіс алқаптарының іске қосылуы облысымызда күріштен бөлек, басқа да дәндік және мал азықтық дақылдардан мол өнім алып, аймақ экономикасының қарқынды дамуының негізін құрап келеді. Дегенмен соңғы жылдары өңіріміздегі ауыспалы егіс жүйесін басқару мен пайдалану бағытындағы өзгерістердің әсерінен инженерлік жүйенің құрамындағы суару каналдары мен қашыртқы-кәріз жүйесі және гидротехникалық құрылыстардың пайдалану тәртіптерін толық сақталмауынан ирригациялық жүйелердің техникалық жағдайы нашарлап, топырақтың тозуына тікелей байланысты, суармалы жерлердің ауданы мен өнімділігінің кемуіне әкелді.

Ирригациялық жүйелердің техникалық жағдайларының нашарлауы, әртүрлі дәрежедегі канал арналарының формацияға ұшырап, қамыстар мен түрлі өсімдіктердің өсуіне тікелей байланысты. Осы себеп олардың су өткізгіштік қабілеттерін төмендетіп, су қорларының тиімсіз шығынының мөлшерін арттыруда. Сонымен қатар суару жүйелеріндегі гидротехникалық құрылыстардың талаптарға сай бол-мауы, каналдардағы суды басқару және дақылдардың суару режимін қатаң сақталмауына себеп болуда. Ал қашыртқы-кәріз желісінің көміліп, өз дәрежесінде жұмыс істемеуі егіс алқаптарының қайта тұздануына әкеліп соқтыруда. Осы бағытта суармалы жерлерді қайта айналымға қосу және қалпына келтіру мақсатында суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, – деді Қамбарбек Мүбараков.

Жиын қорытындысында өңіріміздегі су қорларын тиімді пайдалану мәселері бойынша арнайы шешімдер қабылданды. Алдағы уақытта оның іс жүзінде жүзеге асырылуы ел назарында болатыны айтылды.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: