Сенбі, 27 сәуiр, 22:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Табиғаттың тосын мінезіне дайынбыз ба?

23.12.2023

351 0

Фото: egemen.kz

Желтоқсанның орта тұсында ауа райы тосын мінезін көрсетті. Қалаға қар қалың жаумаса да сыртқа мол мөлшерде жауып, тіпті бірнеше бағыттағы жолдар жабылды, көлік қатынасы қиындады, кей жолаушылар сыртта қалды. Желдің күштілігінен біраз жерде жарық болмады. Көгілдір отынның қуаты төмендеп, көптеген тұрғын үйлер салқындап кеткені белгілі. Бір сөзбен айтқанда, желтоқсанның ызғарлы желі қалың қауымды бір тоңдырды.

Төтенше жағдай туындаса…

Жоғарыдағы жайттармен қоса өрт, су тасқыны секілді апаттық жағдайлар орын алатын жерде Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жүреді. Департамент мамандарының айтуынша, биыл күзден бастап қыс мезгілі басталғанға дейін полиция департаменті және «Қазавтожол» АҚ қызметкерлерімен бірлесіп, комиссия құрылды. Аталған комиссия қыс мезгілінде облыстың автожолдарында төтенше жағдайға дайындық барысын тексерді.

Қар құрсауында қалған азаматтар үшін облыс аумағында автожолдар бойында 12 жылыту пункті жұмыс істейді. Оның ішінде 3 трассалық медициналық құтқару бекеті және Самара-Шымкент автожолында 8 пункт бар. Дәл осы кезде жол қайта ашылды. Бірақ сонда да болса бақылау басты назарда.

– Негізі төтенше жағдай департаменті мен аумақтық бөлімшелер тұрақты дайындықта және біздің негізгі күш-құралдарымыз төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған. Жолдағы қауіпсіздікті қадағалаумен қатар жылу беру маусымында кездесетін кейбір жайттарға, өрт оқиғаларын алдын алуға шаралар қолға алынды. Оларға арнайы рейд ұйымдастырылуда. Оған қоса көпшілік арасында жаңа жылды қауіпсіз өткізу үшін іс шаралар жұмысы түсіндіріліп жатыр.

Сондай-ақ Сырдария өзеніндегі суды қадағалау жүруде. Яғни мұз ұстасу кезінде болуы мүмкін су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар талқыланып, қорғаныс бөгеттерінің жай-күйіне аса мән берілуде. Айта кетейік, қазіргі күні судан қауіп жоқ. Бірақ ауа райы құбылмалы болып тұр. Сондықтан мұны алдын ала қолға алудамыз, – деді департамент мамандары.

Тағы да күн суыта ма?

Өткендегі қара суық халықты біраз әбігерге салғаны белгілі. Күн райының күрт суытуы тағы қайталана ма?

«Казгидромед» РМК Қызылорда облысы бойынша филалы мамандарының айтуынша, алдағы он күнде ауа райы жылына түспек. Арасында тек жауын болады деп күтілуде. Егер күндіз жауса, жаңбыр түрінде болады. Ал түнде жауса, қар түрінде болмақ. Сондай-ақ көктайғақ, тұман болуы ықтимал. Күн осы айдың соңына таяу қайта суытуы мүмкін.

P.S. «Сақтаңсаң, сақтаймын» дегендей, қашанда сақтықты серік еткен жөн, ағайын!

А.НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: