Жұма, 08 қараша, 23:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Тағамнан уланудың алдын алу

10.10.2024

507 0

Ас-ауқат – бұл тек тіршілік ету үшін қорек көзі немесе пайда табудағы кәсіп көзі ғана емес, бұл кей жағдайда  адам денсаулығына зақым келтіруі мүмкін қауіп болуы мүмкін. Ауру тасымалдағыш микроағзалар азық-түлік арқылы тез таралады. Сондықтан  мейрамхана, кафе, асханалардың кез келген қызметкері келушілерге зиян тигізбес үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды жақсы меңгеріп, орындауы тиіс.

Тағамнан уланудың топтық жағдайлары негізінен тамақ дайындау технологиялық процесінің бұзылуымен және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы міндетті талаптардың сақталмауымен байланысты болады.

Қызылорда облысында тағам нысандарының саны жыл сайын артып келеді. Биыл олардың саны 2141 нысанды құрады.  Оның ішінде 122-сі тағам өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорындар мен өнеркәсіп ұйымдары (сүт өндірісі – 4, ет өндірісі – 11, балық өндірісі – 14, наубайхана – 49, астық өңдеу кәсіпорындары (өнеркәсібі) – 11, мұздатылған жартылай фабрикаттар кәсіпорындары – 2, кондитерлік кәсіпорындар – 9, алкогольсіз сусындар өндіретін өнеркәсіп – 11, май (майонез) өндіру кәсіпорны – 1 және 10 өзге де нысандар), қоғамдық тамақтану орындары – 506, сауда  кәсіпорындары – 1494, азық-түлік базарлары – 15 және 4 өзге де  тамақтану объектілері бар.

Облыс көлемінде ағымдағы жылдың 9 айында  ботулизм ауруы жәнен топтасқан тағамнан улану жағдайлары анықталған жоқ.

        Жалпы облыс бойынша жоғарыда аталған уақыт аралығында жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық басқармалары тарапынан эпидемиялық маңыздылығы жоғары 17 нысанға  халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген.

                  Сонымен қатар осы жылдың 9 айында «Е-лицензиялау» бағдарлармасы негізінде облыс бойынша елеусіз нысандардың  қызметті бастағаны туралы  230 нысаннан хабарлама берілген. Басым көпшілігі Қазалы мен Сырдария аудандарының үлесінде.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жаппай тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының таралуының алдын алу мақсатында бақылауды күшейту қажеттілігі туралы еске салады. Ас арқылы денсаулыққа қауіп төндірмес үшін тамақтану сапасына баса назар аудару қажет. Тамақтан улану қауіпін болдырмау және қауіп дәрежесін азайту үшін келесідей тағамнан уланудың алдын алуға бағытталған қарапайым, бірақ тиімді ережелерді сақтауды ұсынамыз:

-тағам сатып аларда  қаптаманың тұтастығына, өндіру мерзіміне, жарамдылық және сақтау мерзіміне көңіл бөліңіз;

-тағамды тек жаңа өнімдерден дайындаңыз; 

-тағам дайындау барысында температуралық режимді сақтаңыз;

-жеміс-жидектерді мұқият жуыңыз;

 -тағам дайындау барысында жеке бас гигиенасын сақтаңыз;

-үй жағдайында дайындалған консервіленген көкөністерге ерекше назар аудару қажет. Сапасыз жасалған консервілерде ауру қоздырғыштарының өмір сүруі үшін қолайлы микробтар улы токсиндер бөледі.  Бұл токсиндер ағзаға енген жағдайда ботулизм ауруы туындап, асқынуынан өлімге әкелуі мүмкін. Консерві қақпағының бүлінгені (бомбаж)  байқалса немесе өнімнің сапасына қандай да бір күдік туындаса өнімді қолданудан бас тартыңыз.

– респираторлық және асқазан-ішек ауруларының белгілері бар науқастардың тамақ дайындауына жол бермеу;

– шикі және дайын өнімдерді өңдеу үшін жеке пышақтар мен кесу тақталарын пайдалану;

– көкөніс, жеміс-жидектерді ағынды сумен мұқият жуу;

– салат, тартылған ет өнімдерін аз мөлшерде дайындап, бір күннен артық сақтамау;

– піскен және шикі тамақтарды бірге сақтамау;

– тағамдарды, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа және теңіз өнімдерін мұқият термиялық өңдеуден өткізу;

– тортты тоңазытқышта сақтау;

– қоғамдық тамақтану орындары қызметкерлері уақытылы медициналық бақылаудан өтіп отыруын қамтамасыз ету қажет.

Ерлан Ұзақбаев

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: