Дүйсенбі, 04 мамыр, 12:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2244)
01.05.2026
PDF мұрағаты

Тағы 1,5 мың шақырым жолда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізіледі

04.05.2026

35 0

Фото: Александр Павский / Kazinform

Елімізде облыстық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдықты бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған, – деп хабарлайды KAZINFORM

— Орташа жылдамдықты бақылау республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 10 учаскесінде табысты істеп тұр. Жүйе іске қосылған сәттен орташа жылдамдықты бұзудың шамамен 407 мың дерегі анықталып, салынған айыппұл сомасы 6,5 млрд теңгені құрады. Орташа жылдамдық бақыланатын учаскенің жалпы ұзындығы — 2,1 мың шақырымға жуық, — деді Үкімет басшысы.

Оның дерегінше, бүгінде жалпы ұзындығы 1,5 шақырымнан асатын 8 жолда орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізу үшін іске қосу және жөндеу жұмыстары қолға алынған. Олар мына жолдар:

«Қызылорда — Арал», «Қостанай — Троицк», «Ақтөбе — Орынбор»,
«Балқаш — Бурылбайтал», Тараз қаласы айналма жолы, «Қостанай — Денисовка», «Шу — Бурылбайтал», «Қандыағаш — Мақат».

— Мұнан бөлек, осы жылдың 20 сәуірінде өткен Үкімет жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралып, өкілетті органға елді мекендердің жолдарын қоса алғанда облыстық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдықты өлшеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу мәселесін пысықтау тапсырылды, — деді Олжас Бектенов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: