Дүйсенбі, 25 қараша, 17:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Тасбөгет кентіндегі атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер

04.03.2024

229 0

Бүгінгі өткен брифингте Тасбөгет кентінің әкімі Айдын Тыныштықбай 2023 жылы Тасбөгет кентінде атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы баяндады.

Өткен жылы кенттің инфрақұрылымын дамыту бағытында мемлекеттік бюджет, демеуші көздері және инвестиция есебінен бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асты. Атап айтсақ, кенттегі 41 көше жөндеуден өтті. Яғни, Сабалақ саяжайындағы 18 көшеге, кенттегі 21 көшенің белгіленген бөліктеріне қиыршық тас төселсе, 2 көшеге асфальттау жұмыстары жүргізілді. Ал, 7 көшенің белгіленген бөліктеріне жарық бағаналары қойылды. «Еңбек» және «Өркендеу» саяжайларының негізгі 3 көшесіне демеушілік есесбінен жарық бағаналары орнатылды. Сондай-ақ, өткен жылы аймақ басшысының тікелей қолдауымен дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

  • Соңғы жылдары кентте кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу қарқыны артып келеді. Биыл да көптеген тұрғындарымызға мемлекеттік бағдарламалардың игілігін пайдаланып, кәсіптерін ашуға, кеңейтуге кеңес берілді. Нәтижесінде ұлттық жоба аясында 12 ай ішінде 67 тұрғын өз жобаларын қорғап, 400,9 млн. теңге көлемінде қаражат иеленді. Бүгінде кентте 1644 кәсіпкер қызметін табысты жүзеге асыруда, – деді Айдын Маратұлы.

Кент әкімі брифинг барысында биылғы жылы атқарылатын жоспарлы жұмыстарға тоқталып өтті. Мәселен, кенттегі Е. Ертуғанов көшесіне (Сапарбаев пен Баймағанбетов көшелерінің аралығына) абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Исмайлов көшесінің жарық бағанасы орнатылмай қалған бөліктеріне жарықшамдар қойылады және Ғ.Мұратбаев (Сапарбаев қиылысы) және Ә. Молдағұлова (Сейтпенбетов қиылысы) көшелеріне 4 дана аялдама, Сабалақ саяжайының орталық көшесіне 2 дана аялдама орнатылатын болады. Бұдан бөлек, кенттегі әлеуметтік нысандар орналасқан 6 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға, сондай-ақ, Сабалақ (12 көше) және Еңбек (3 көше) саяжайларындағы 15 көшеге жарықшамдар орнатуға жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім берілді.

  • Өздеріңіз білетіндей, кенттегі Сабалақ саяжайын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі де басты назарға алынған. Қазіргі таңда «Досстройпроект» ЖШС мекемесінің демеушілігімен Сабалақ саяжайына табиғи газ желісін тарту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамаға жолданды. Нәтижесі күтілуде, – деп қорытындылады кент әкімі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: