Сәрсенбі, 27 мамыр, 16:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер құрылысы қарқынды

27.05.2026

113 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қызылорда қаласының құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты.

Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер құрылысы қарқынды

Президент саябағындағы Ботаникалық білім беру орталығының құрылысына 4 млрд 948 млн теңге бөлінген, 2,41 гектар аумақта орналасқан. Орталық табиғат пен ғылымды ұштастыратын, білім беру, ғылыми-зерттеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған көпфункционалды кешен болмақ. Мұнда әлемнің әртүрлі өңірлерінің флорасына арналған тақырыптық бақтар, дәріс залдары, демалыс және әкімшілік аймақтар қарастырылған. Нысан ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға беріледі.

Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер құрылысы қарқынды
Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер құрылысы қарқынды

Көпқабатты тұрғын үй кешені – 22 млрд теңгенің жобасы, яғни 8,2 гектар аумақта 15 тұрғын үй салынып, 945 пәтер пайдалануға беріледі. Құрылысты тамыз айында аяқтау жоспарланған.

Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер құрылысы қарқынды

«Қызылорда Арена» көпфункционалды спорт кешені халықаралық талаптарға сәйкес салынуда.Бас мердігер «ASPAN HOLDING» серіктестігі құрылысына 20 млрд 61 млн теңге қарастырылған нысанды 2,1 гектар аумаққа, 25 540 шаршы метр етіп, 3 және 4 қабатты блоктардан тұрғызуда.
Кешенде бір мезетте 2 552 келушіні қабылдауға болады. Олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін бассейн, 2500 орындық әмбебап спорт залы және спортшыларға арналған жаттығу алаңдары қарастырылған.

Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер құрылысы қарқынды


Құрылыс былтыр шілде айында басталды, алдағы тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған.
Мұнда халықаралық және республикалық жарыстар өткізуге, бұқаралық спортты дамытуға барлық жағдай жасалады.

Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер құрылысы қарқынды
Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер құрылысы қарқынды

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: