Сәрсенбі, 27 мамыр, 16:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандық жүк тасымалдаушыларға Ресеймен шекарада QR-кодты көрсету міндеттелгені ескертілді

27.05.2026

130 0

Фото: freepik

Көлікпен жүк тасымалдау алдында оны алушыға Ресей Федерациясымен арадағы шекарада көрсету үшін тауардың алдағы жеткізілімі туралы құжатты алдын ала рәсімдеп, QR код алу қажеттігі ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өйткені 2026 жылдың 1 маусымынан бастап Ресей Федерациясында тауарларды күтуді растау жүйесі (ТКРЖ) енгізіледі, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметі.

«Тауарларды автомобиль көлігімен әкелу кезінде алушыға Ресей Федерациясында алдағы жеткізілім туралы құжатты алдын-ала рәсімдеп, QR-кодын алу қажет. QR-коды жүргізушіде болуы және бақылаушы органдардың талабы бойынша көрсетілуі тиіс. Расталған QR кодының болмауы Ресей Федерациясына кіруге тиім салу және көлік құралын қайтаруды көздейді», делінген хабарламада.

Осыған байланысты, келесі шаралар ұсынылады:

  • ТКРЖ шеңберінде ресімделген QR-кодтың болуын ресейлік алушыдан алдын ала нақтылау;
  • өткізу пунктіне келгенге дейін QR-кодын тексеру;басып шығарылған немесе электронды түрде QR-коды болуы керек;
  • QR-кодтағы мәліметтерді тауарға ілеспе құжаттармен (тауар, саны, көлік құралы, алушы) салыстырып тексеру;
  • құжаттарды дұрыс ресімдемеген кезде шекарадан өту уақытының ұлғаюын ескеру қажет.

МКК тасымалдауды жоспарлау кезінде көрсетілген өзгерістерді ескеруді және ресейлік тауар алушылармен алдын-ала өзара әрекеттесуді сұрайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: