Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» акциясы 6,5 млн-ға жуық адамның қызығушылығын тудырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған мағлұмат – экологиялық акцияны іске асыру барысы қаралған Үкімет отырысында айтылды.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлім етуінше акцияны өткізу кезеңінде ауқымды жобаға қатысушылар 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жинаған, шамамен 1,6 млн жасыл желек отырғызылған. Сонымен қатар өңірлерде тарихи-мәдени ескерткіштер ретке келтіріліп, ардагерлерге ауласын абаттандыру және жинау бойынша көмек көрсетіліп, өзендер мен су айдындары қоқыстан тазартылған.
Азаматтарды елді мекендер мен экология мәселелерін шешуге тарту мақсатында ыңғайлы @TazaQazBot телеграмм-чат-боты арқылы өтінім беру қызметі іске қосылған. Оған бүгінде 10 мыңнан астам өтінім түсіп, 9,7 мыңға жуық өтініш орындалған. Көбінесе азаматтардан аумақтарды жинау, көшелерді абаттандыру, қоқыстарды шығару, жолдарды жөндеу бойынша өтініштер келіп түскен.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!