Бейсенбі, 25 сәуiр, 08:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Ten qogam» тартуы

08.12.2021

1237 0

3-желтоқсан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың халықаралық күні. Бұл Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап атап өтілуде. Мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару. Атаулы күнге орай «Ten qogam» әлеуметтік орталығы арнайы шара  ұйымдастырды. 

Қала әкімінің қолдауымен қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдар­ламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен «Алтаир-Бөбек» қайырымдылық қоры және «Жылы жүрек» жастар қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен өткі­зілген шараға өмірлік қиын жағдайда қалған ерекше азаматтар қатысты. 

Шараның ашылуында қала­лық жұмыс­пен қамту, әлеуметтік бағ­дарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева сөз сөйлеп, ізгі лебізін білдірді.

– Бұл күн жыл сайын аталып өтеді. Оған облыс орталығындағы он мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат шақы­рылады. Сіздер әрқашан да қоғаммен тығыз байланыстасыздар. Өздеріңізге арналып «Ten qogam» әлеуметтік орталығы ашылды. Бұл жерде кез келген уақытта құқықтық кеңес алуға, рухани демалуға мүмкіндіктеріңіз бар. Сіздерге деген айырықша қамқорлық пен риясыз қолдау жүйелі түрде жалғасын таба береді. Еліміз аман, деніміз сау болсын, – деді бөлім басшысы.

Шара қорытындысында «Тең қоғам» әлеуметтік орталығының жетекшісі Марат Жайылханұлы бірқатар өнерпазды арнайы алғыс хатпен марапаттады. Олар­дың қатарында Айша Айтманбетова, Мұрат Ізбенбетов, Ақмарал Әлжанова, Кенжегүл Махамбетова, Рая Ахметова, Гауһар Оразалиева, Тамара Ақманбетовалар бар. Шынайы көңіл, жайдары жүз, ыстық ықылас мұндағы әрбір адамның дидарынан айқын сезіліп тұрды. Ол өздеріне деген ішкі сенімі мен елге деген ерекше ілтипаты болатын.

Атаулы күн қарсаңында арнайы дас­тархан жайып, құрмет көрсеткендері үшін мұнда келушілер алғаусыз алғыстарын айтып жатты.

– Біреудің көмегіне зәру кембағыл жандарға құрметтің қай түрі де артық ет­пейді. Біздің әрбір басқосуымызда бүгінгі тыныс-тіршілігіміз сараланып, алдағы жос­­­парымыз айқындалады. «Тең қо­ғам» орта­­лығына мүмкіндігі шектеулі аза­мат­тар көптеп келеді. Ортақ тіл табысып, әңгімелесеміз. Бізге осындай мүмкіндіктер беріп, барынша қолдауларын көрсетіп жат­қан ел ағаларына ризашылығымды жет­кізгім келеді, – деді Рая Ахметова

Ашылғанына аз уақыт болса да «Тең қоғам» әлеуметтік орталығы өткізіп жатқан шаралар мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен қолдау болып отыр. Оның ішінде семинар-тренингтер, спорт­тық жарыстар салауаттылыққа тәр­биелеп, сауықтыруға бағыттайды. Бұл жиын соның дәріпті жал­ға­сындай. Кез­­десу барысында қалалық «Мүгедектер» қоғамының жетекшісі Сәкен Алдашбаев, «Жылы жүрек» жастар қоғамдық қорының жетекшісі Сағатбек Қуанышбайұлы жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік құтықтауларын жеткізді.

Иә, өмір болған соң түрлі тағдырдың болуы да заңдылық. Тәңірден келген сынаққа төзімділік танытып, табанды күресе білу үлкен жүректілікті қажет етеді. Олар осынысымен де қай құрметке де лайықты.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

Суретті түсірген Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: