Бүгін облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен тұрақты комиссия отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен мамандары қатысты.
Күн тәртібінде комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының есебі» және сессияның күн тәртібіне ұсынылған «Қызылорда облысының ветеринария басқармасы басшысының 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі», «2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту» туралы 3 мәселе қаралды.
Аталған мәселелер бойынша облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы М.Тәуіпбаева, ветеринария басқармасының басшысы Ш.Қойшыбаев, экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек баяндама жасады. Депутаттардың тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті жауаптар берілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім жобасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
