Бүгін облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты.
Комиссия отырысында облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің (облыс мәслихатының және әкімінің аппараты, облыстық мемлекеттік сатып алу, дін істері, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары және төтенше жағдайлар департаменті) 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері тыңдалды.
Бағдарлама әкімшілері бөлінген қаржының тиімді игерілуі, жоспарланған іс-шаралардың орындалу деңгейі және алдағы кезеңге белгіленген міндеттер жөнінде баяндама жасады.
Өз кезегінде депутаттар тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлерге тиісті жауаптар беріліп, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігін арттыру мен қаржының тиімді игерілуін қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне алдағы уақытта қандай да бір кемшіліктерге жол бермеу қажеттігі ескертілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
