Бүгін облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы жалғасып, отырысқа комиссия төрағасы, депутат Балжан Шәменова төрағалық етті. Оған облыстық мәслихат депутаттары және бюджеттік бағдарлама әкімшілері қатысты.
Комиссия отырысында 2025 жылдың облыстық бюджетінің орындалу барысы жан-жақты қаралып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы салада атқарылған жұмыстар мен бюджет қаржысының тиімді әрі мақсатты игерілуі туралы мәлімет берді.
Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафа спорт саласының қазіргі жай-күйі мен өзекті мәселелері бойынша баяндама жасап, саланы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Отырыс барысында депутаттар өзара ой-пікір алмасып, алдағы уақытта жоспарланған көрсеткіштердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
