Бүгін облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы жалғасып, отырысқа комиссия төрағасы, депутат Балжан Шәменова төрағалық етті. Оған облыстық мәслихат депутаттары және бюджеттік бағдарлама әкімшілері қатысты.
Комиссия отырысында 2025 жылдың облыстық бюджетінің орындалу барысы жан-жақты талқыланып, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама, ветеринария, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының басшылары өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Баяндамаларда даму жоспарларындағы көзделген нысаналы индикаторлардың орындалуы, бюджет қаржысының тиімді әрі мақсатты игерілу жайы қамтылды.
Комиссия отырысында депутаттар тарапынан нақты ұсыныстар айтылып, бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне алдағы уақытта қандай да бір кемшіліктерге жол бермеу және жоспарланған көрсеткіштердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі ескертілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
