Қала әкімі Нұржан Ахатов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар шаһар басшысына тұрғын үй кезегі, жер, жұмыссыздық және өзге де жеке мәселелері бойынша жүгінді.
Нұржан Сәбитұлы орынбасарларына, бөлім және мекеме басшыларына барлық өтініштер бойынша зерделеу жұмыстарын жедел түрде жүргізіп, азаматтармен кері байланыс жасауды тапсырды.
Айта кетейік, тұрғындар қала әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
