Күннің күрт ысуына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілді. Қазіргі таңда «Қызылорда тазалығы», «Су жүйесі», «Автобус паркі», қалалық электр тарату орталығы, сондай-ақ жауапты мердігер мекемелер жұмыстарын үзіліссіз атқаруда.

Апта басынан бері негізгі автокөлік жолдарына арнайы техникалардың көмегімен су себу жұмыстары жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, көлік ағыны көп көшелерге жаңбырлатып су себілуде. Мұның барлығы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда.

Ал, бүгін қызылордалық құтқарушылар балақайларға ерекше қуаныш сыйлады. Өрт сөндіру автоцистерналарымен қаланы аралаған мамандар ата-аналарға және балаларға қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, жаңбырлатып су шашты. Балмұздақтар таратып, сергіту ойындарын ұйымдастырды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
