Құрылтай

Сенбі, 11 шiлде, 17:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Тыйым салынған жерлерде суға түсу қауіпті

11.07.2026

56 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Суға шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ күн сайын рейдтік жұмыстар жүргізуде.

Кезекті рейд барысында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов тұрғындарға судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.

Суда қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу салдары су айдындарында қайғылы жағдайлардың орын алуына әкеледі. Сондықтан су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз!

Айта кетейік, бүгінде қала аумағында рұқсат етілген 19 демалыс орны мен қалалық жағажай тұрғындарға қызмет көрсетуде. Жазғы маусымда тұрғындардың қауіпсіз демалысын ұйымдастыруға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған шаралар тұрақты жалғасатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: