Дүйсенбі, 13 мамыр, 19:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Үйде босанған әйел баласын сөмкеге салып, көшеге тастап кеткен

10.08.2023

327 0

Өзбекстанда тұрғын сәбиін сөмкеге салып, көшеге тастап кеткен, – деп хабарлайды nuz.uz сайты.

Басылым мәліметінше, 9 тамызда әлеуметтік желілерде Бұхара облысының құқық қорғау органдары көшеде қалған сәбиге қатысты жағдайға ешқандай әрекет жасамады деген ақпарат тараған. Оқиғаға қатысты Бұхара облысы ІІБ баспасөз қызметі пікір білдіргені айтылды.

Оқиға бір күн бұрын, 8 тамызда түнгі сағат бір жарымда Қаракөл ауданында болған. Шахзод Саидов (аудан бойынша жедел уәкіл) мен аға лейтенант Хабиб Абдурахманов (профилактикалық инспектор) кезекшілік кезінде аурухананың гемодиализ бөлімі ғимаратының жанынан өтіп бара жатқанда сәбидің жылаған дауысын естіген. Аталған аумақты тексеру барысында жылаған бала жасыл түсті сөмкеден табылған.

Осыдан кейін жаңа туған нәресте аудандық медицина бірлестігінің балалар бөліміне жатқызылып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол дәрігерлердің бақылауында болғаны айтылды.

Осы уақытта тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, оның барысында баланың 4 тамызда таңғы сағат 8-де дүниеге келгенін анықтады. Әйел үйде, медицина қызметкерлерінің қатысуынсыз босанған. Ал 7 тамызда кешкі сағат 21:00 шамасында анасы баланы көшеге тастап кеткен. Анасының да жеке басы анықталды. Ол Қаракөл ауданы «Мироб» махалласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары әйелді мұндай әрекетке итермелеген мән-жайды анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жалғастырып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: