Сенбі, 04 мамыр, 18:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Ұят болады»: Бағлан Әбдрайымов әріптесі Ұланғасыр Қамиевтің төбелесіне қатысты ойын ашық айтты

01.08.2023

576 0

Белгілі әнші Бағлан Әбдрайымов тойда төбелесіп, желіні шулатқан әріптесі Ұланғасыр Қамиев туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Кеше Ұланғасырдың видеосын көріп қалдым. “Төбелес пе? Төбелес!” – деп аса назар аудармадым. Жігіт қой, басы аман болсын” дедім де, жылы жауып қойдым”, – дейді Бағлан Әбдрайымов.

Өнер иесінің айтуынша, Ұланғасырды жерден алып жерге салғандардың арасында өнердегі әріптестері де бар.

“Пікірлерді қарап қалсам, ана жерде сын-пікір жаза алмайтын, қарғысқа ұқсас коменттің ішінде өнерге қатысы бар жігіттер де жүр ғой. Таяқтан емес, комментарийден өлетін шығарсың. “Айналайындар ай, әкеңнен алмаған сабақты кейде өмірден аласың. Басыңа келуі мүмкін, өйткені сен де өмір сүріп жатырсың. Ұят болады! Адам сияқты сүрінуге де болмай ма, кедергі жасамаңдар” дедім ішімнен”, – делінген жазбада.

Желі қолданушылары да Бағлан Әбдрайымовтың бұл ойын қос қолдап қолдады.

“Өте дұрыс. Бас жарылса, бөрік ішінде дейтін қазақ едік”, “Ер жігіттің басынан не өтпейді?”, “Басына тиген соң сабақ алады”, “Ешкім түзу, аппақ, тегіс, жолмен жүрмейді”, “Жығылғанға жұдырық боп…” , – деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Жетісу облысына тойға барған Ұланғасыр Қамиевтің той қонақтарымен жаға жыртысқан бейнежазбасы тарады. Болған жағдайға қатысты жергілікті полиция Департаменті де, әншінің өзі де түсініктеме берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: