Жұма, 21 наурыз, 14:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20,2133
18.03.2025
PDF мұрағаты

Ұлттық спорт күні тойланды

20.03.2025

211 0

Фото: №60 мекеме баспасөз қызметі

Наурызнама онкүндігі бойынша 20 наурыз «Ұлттық спорт» күні болып белгіленген. Қазақтың ұлттық спорты-рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдауға өз септігін тигізеді.
Атаулы мереке аясында ҚАЖД №60 түзеу мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие беру жұмысы бөлім қызметкерлері мен Қызылорда қалалалық спорт бөлімі және №6 кешкі мектеп ұжымы бірлесіп, сотталғандар арасында спорттық сайыс ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – наурыз мерекесіне орай ұлттық спорт түрлерін насихаттау, әрі сотталғандардың салауатты өмір салтын арттыру, дене шынықтыру болып табылады. Шара барысында асық ату, арқан тарту, қол күрес, гір көтеру, ләңгі тебу сынды ұлттық спорт түрерінен сайыстар ұйымдастырылды.
Сайысқа қатысып орын алғандар грамоталармен марапатталды.

– Сотталғандар қазақтың ұлттық ойындарын сағынып қалғанын байқадық. Олар сайыста ұлттық спорт түрлері қол күрес, гір көтеру, ләңгі тебу, асық ату, арқан тартумен сынға түсті. Бәрі де алдын ала тіркелу арқылы сайыстың қатысушысы атанды. Қатысуға ниет білдірген сотталғандардың санының көптігіне қарап, ұлттық дәстүріміздің жоғалмай, әрмен қарай дамып келе жатқанын байқауға болады. Осы сайысты ұйымдастыру мақсатымызда осы, – деді сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие беру жұмысы бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Абдолла Уайдаев.

№60 мекеме баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: