Жұма, 19 маусым, 10:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Ұлттық ұланда әскери полицияның жедел желісі іске қосылды

19.06.2026

47 0

Фото: GOV.KZ

«Цифрлық профилактика» ведомствоаралық бағдарламасы аясында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша әскери полиция жедел желі телефонын іске қосты, – деп хабарлайды KAZINFORM

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлім еткендей, жобаның негізгі мақсаты — Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен, азаматтық персоналынан және азаматтардан өтініштерді жедел және тәулік бойы қабылдауды қамтамасыз ету.

Сенім телефонына хабарласуға арналған байланыс нөмірлері: +7 708 703 36 36 және +7 (7172) 27 36 36. Ақпаратты телефон қоңырауы немесе SMS хабарлама арқылы беруге болады.

— Барлық келіп түскен өтініш цифрлық есепке алу журналында тіркеледі, бұл оларды қараудың ашықтығын және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Жедел желіні енгізу құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтауға, әскери тәртіпті нығайтуға, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға және әскери қызметшілер мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ықпал етеді деп күтіледі, — делінген хабарламада.

Жедел желіні іске қосу Ұлттық ұланның қызметіне цифрлық технологияларды енгізудің кезекті кезеңі болды, ол ден қоюдың жеделдігін арттыруға және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: