Жұма, 08 мамыр, 11:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 (2245)
05.05.2026
PDF мұрағаты

Ұрпақ жадындағы Ұлы Жеңіс

08.05.2026

48 0

Фото: ҚАЖ департаменті

От пен оққа оранған майданның ортасында талай жанның ерлікпен шайқасқаны мәлім. Үшбу хатта да үрейден гөрі үмітін үстем етіп, қорқыныштың көлеңкесін ысырып тастағаны содан. Бұл жанқиярлықтың өзі – болашақ ұрпаққа қалған үлгі мен ұлы сабақ. 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері “Мәңгілік алау” ескерткішіне арнайы барып, гүл шоқтарын қойды.

Сондай, ақ, қызметкерлер бір минут үнсіздік жариялап, қиян-кескі ұрыста Отан үшін жанын қиған батыр бабалардың рухына тағзым етті.

– Сұрапыл соғыстың от-жалынынан өткен аға буынның ерлігі – ұрпақ үшін өнеге. Біз олардың алдында әрдайым қарыздармыз. Бейбіт күннің әр сәті – батырлардың жанқияр еңбегінің жемісі. Сондықтан, ер есімін, ерлік ісін ұмытпай, қызметкерлердің бойына отансүйгіштік пен тарихқа құрмет сезімін сіңіруде селқостық танытпаймыз, – дейді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов.

Иә, жеңіс күні – бейбітшіліктің қадірін, ерліктің мәнін және бірліктің күшін байыптайды. Бейбіт күннің бағасын түсінетін қызметкерлер де антына адалдық танытып, тұрақтылықты сақтауда тынымсыз еңбек етпек.

З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: