Бейсенбі, 28 наурыз, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жас өрендер олжалы оралды

18.11.2021

896 0

Жуырда Түркияның Ыстамбұл қаласында каратэ-додан әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университтетінің проректоры Жандос Базартай әлем чемпионатынан алтын жүлдемен оралған студенттерді құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

«Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 32 ҚР спорт шебері, 33 ҚР Ұлттық құрама командасының мүшелері білім алады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған ҚР XI жазғы Универсиадасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жалпы командалық есепте бестікке кірді. Нәтижесінде, біздің қоржынымызда 11 алтын, 10 күміс, 25 қола медаль бар. Спорттың командалық түрлері бойынша тоғызқұмалақтан – 1 орын, армрестлинг, шахмат, волейбол, шағын футболдан – 3 орын иеленді. Атап айтсақ, Алишершарип Қонысбек 60 кг салмақта, Дамир Камал 67кг салмақта, Бақдаулет Кубаш 76 кг салмақта, Асемгүл Ердәулет 50 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарынан оза шауып, Әлем чемпионатында алтын медальға ие болды. Спортшыларды тартысты додаға дайындауда жаттықтырушылары Нұрбол Тойшыбаев пен Нұржан Ақпанбеттің еңбегі зор», – деді Жандос Нұртайұлы.

Әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болған өрендерде бұл доданың маңыздылығына тоқталып, қолдау білдірген барлық жерлестерге өз алғыстарын жеткізді.

– Әлемдік дода әрине оңай болған жоқ. Біз осы жарысқа тыңғылықты дайындалып, еліміздің абыройын асқақтатуға барымызды салдық. Осы орайда Қорқыт ата университетінің басшылығына және барлық қолдау білдірген жандарға алғысымызды білдіреміз, – деді әлем чемпионатынын жүлдегелері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: