Сенбі, 04 мамыр, 17:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жасөспірім видео үшін қарияны соққыға жыққан

02.08.2023

304 0

Алматыда жасөспірім көшеде кетіп бара жатқан қарияны соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жасөспірім мен қарияның сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Кейін қарияның бетінен жұдырықпен бірнеше рет соққы жасайды. Ал ер адам соққы салдарынан жерге құлаған. 

Жасөспірімнің бұл әрекетін басқа жігіт түсіріп алған. 

Алматы полиция департаменті бұл деректің Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелгенін мәлімдеді. 

«Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 2007 жылы туған азамат ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды», – деді полиция өкілдері. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: