Жұма, 26 сәуiр, 20:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Жастықтың жалынды жырлары»

03.12.2021

1353 0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай  «Парасат жобасы» аясында жас қаламгерлердің шығармашылығына арналған  «Жастықтың жалынды жырлары» атты жыр кеш өтті. Шараны №13, 19 қалалық кітапханалар бірлесіп ұйымдастырды.

Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Қай заманда болсын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Кештің басты мақса­ты – өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұралардың өмір­шеңдігін жас буынға ұғындыру. Өз шы­ғармашылықтарын шыңдау, өлеңге, сөз өнеріне баулып,  шеберліктерін арттыру.

Жыр кешіне облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Асқар Құрмаш, ақын, қоғам бел­сендісі Зауре Үксінбаева, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бас әдіскері Сәуле Асқарова қатысты. Қазақта «Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас» деген мақал бар. Қазақ халқында біртуар ақындар мен жазушылар көп-ақ. Бүгінде сол ағаларымыз бен апаларымыздың ізін жалғар жастар біздің ортамызда да жетерлік.

Шара барысында қаладағы Мәншүк Мәметова атындағы жо­ғары педагогикалық колледжінің 3 курс студенті Санақұл Бексұлтан, Ұлықпан Жолдасов, «Болашақ» уни­верситеті жоғарғы колледжінің 1 курс студенті Қақарша Сағадатқызы, «Орда» жоғары колледжінің 3 курс сту­денті Гүлсезім Ахметова Ұлданай Мақсетқызы, Сүйеніш Бекмырзақызы, «Болашақ» жоғары медициналық кол­леджінің 1 курс студенті Перизат Жали мен Бекзат Қалдан секілді жас ақын­дардың өлеңдері тындалып, кітап­шалары шы­ғарылып таратылды.

Кеш соңы өнерпаздардың кон­цертіне ұласты.

А.МЫРЗАҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: