Сәрсенбі, 24 сәуiр, 04:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Жасыл» аймақта Жаңа жыл кештерін өткізудің талабы қандай?

27.12.2021

1329 0

2022 жылы Қазақстан коронавирус пандемиясымен күрес стратегиясын өзгертуі мүмкін бе? Осы және өзге де сұрақтарға ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын ұжымдық кештер ұйымдастыру қаншалықты орынды әрі заңды деген сауалдың төңірегінде қызу пікірталас жүріп жатыр. Тіпті тұтас ұжымның осындай шарада бас қосқаны туралы видеолар тарады. Бірі «Жасыл» аймақтағы өңірлерде Жаңа жыл кештеріне рұқсат етілгенін айтса, тағы бір топ талап бәріне бірдей болу керек дегенді айтып жатыр. Осыған байланысты нақты түсініктеме бере кетсеңіз. «Жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде Жаңа жыл кешін тойлаудың қандай шектеулері бар?

– Қазіргі таңда қатысушылардың саны талаптағы мөлшерден асатын болса, көпшілік іс-шараларды өткізуге рұқсат етілмейді. Ashyq жобасына қатысатын шағын және орта бизнес объектілері қатысушылардың бәрінде «жасыл» мәртебесі болған жағдайда және санитарлық карантин талаптарын сақтаса ғана жұмыс ондай кештер өткізе алады. Әр өңірдегі шектеу талаптары қандай аймақта орналасқанына байланысты.

– «Жасыл» аймақта шара өтетін залдың сыйымдылығы 50%-ға дейін ғана пайдаланылуы керек. Оның өзінде адам саны 100-ден аспауы шарт.

– «Сары» аймақта кешеннің сыйымдылығын 50%-ға дейін, бірақ келушілер санын 70 орыннан асырмай пайдалану қажет.

– «Қызыл» аймақта келушілер саны 50 адамнан аспауға тиіс. Ал залдың сыйымдылығы бұл талаптан төмен болса, 50% ғана жүктелім болуы шарт.

– «Қызыл» аймақ туралы айтып қалдыңыз. Қазақстан бойынша «қызыл» аймаққа жатқызылған елді мекендер бар ма?

– Қазіргі таңда 3 өңір «сары» аймақта, қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан.

– Жалпы талап түсінікті әрі нақты болғанымен «Жаңа жыл кешіне барсам ба, әлде қауіпті ме» деп екі ойлы болып жұрген адамдарға қандай кеңес бересіз?

– Ashyq жобасына қатысатын объектілерде салтанатты кештерді, отбасылық және еске алу шараларын өткізуге рұқсат етілгенімен, коронавирус инфекциясының таралу қаупі өте жоғары. Сондықтан, адамкөп жиналатын орындарға барудан мейлінше тартынып, дәстүрлі Жаңа жыл кештеріне қатыспауға кеңес береміз.

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы 2022 жылдың аяғына қарай адамзат коронавирус пандемиясын еңсеруі мүмкін екенін айтты. Осыған байланысты мынандай сұрақ туындайды. Келесі жылы Қазақстан шектеу шараларын қазіргіден жеңілдетуді жоспарлап отыр ма? Жалпы індетпен күрес стратегиясында жаңа қадамдар қолға алынуы мүмкін бе?

– Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін ҚР Үкіметінің қаулысымен COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жедел іс-қимыл жоспары (04.11.2021 жыл, № 781) бекітіліп, күрестің негізгі стратегиясы айқындалған.

Сол жоспар аясында емделушілерге уақтылы медициналық көмек көрсету, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде бақылауды күшейту, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, санитарлық карантин шараларын жүргізу әрі қарай жалғасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: