Бейсенбі, 28 мамыр, 12:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Жолдарға уақытша шектеулер қойылды

28.05.2026

124 0

Фото: Нурболат Нуржаубай

           Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің 2023 жылғы 5 шілдедегі №492 бұйрығына сәйкес,  жол төсемі бөлігінің бұзылуын  болдырмау мақсатында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар KAZ-06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автожолының 1240-2055,5 шақырым,  KAZ-14 «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 127-216 шақырымдар  аралықтарына әрбір оське түсетін жүктемесі               9 тоннадан артық, KAZ-14 «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 1-24 шақырымы  аралығына әрбір оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына 2026 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында ауа температурасы +25° С градустан асқан жағдайда сағат 10.00-ден сағат 22.00-ге дейін  уақытша шектеу еңгізіледі.

Халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын, тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын,  өте қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын, мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын, қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын авто көлік құралдарына шектеулер қолданылмайды.

            «КАЖсервис» ЖШС, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалдары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: