Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

10 наурыз – халықаралық әйел судьялар күні

07.03.2024

373 0

Сурет:өңірлік коммуникациялар қызметі

Халықаралық әйел судьялар күні – БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 2021 жылы атаулы дата ретінде енгізілген болатын. Сол уақыттан бастап дәл осы күн барлық әйел судьялардың жұмысын насихаттайтын, олардың заң саласындағы қажырлы еңбегін танытан күн ретінде айшықталды. Бүгінді еліміздегі сот саласында 85, ал облыста 30 әйел судьясы нәтижелі жұмыс істеуде. Осыған орай, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық сот судьялары келіп, өз салалары туралы баяндап берді.

-Бүгінде сот саласында нәзік жандылардың үлесі артып келеді. Бұл өз кезегінде жұмыстың тыңғылықты істелуіне және нәтижелі көрсеткіштердің жоғарлауына ықпал етеді. Сондай-ақ, соттардағы заңдылықтың дұрыс қолданылуы да тікелей әйел азаматтарға қатысты. Жалпы бұл мерекенің тарихына шолу жасасақ, 1913жылы АҚШ-та бір ғана әйел судьясы болған екен. Сол кісінің құрметіне дәл осы күн пайда болды. Қазіргі таңда әйел судьяларын дайындайтын және оларға заңдық тұрғыда терең білім беретін оқу орындары да көбейді. Осы атаулы күнге орай барша әйел судьяларын кәсіби мерекесімен құттықтаймын, – деді облыстық сот судьясы Шолпан Маликова.

-2021 жылдан бастап әкімшілік рәсімді процестік сот іске қосылды. Осы істерді қарау барысында көбіне әйел азаматтардың құқықтары қорғалуда. Мәселен, жеке кәсіпкерлік саласы және тұрғын үй кезектілігі бойынша шағымданған нәзік жандылардың заң тұрғысында құқықтарын қорғап, әділ шешім шығаруға атсалысудамыз, – деді облыстық сот судьясы Клара Қаниева.

-Сот саласында қызмет ету оңай емес. Әсіресе, нәзік жандылардың отбасымен қатар аталмыш салада жұмыс істеуі екі есе жауапкершілікті талап етеді. Оған қарамастан өзінің қайраттылығын танытып, сот саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген әйел азаматтардың барына қуанамын. Сот судьясы болу үшін адамда психологиялық тұрғыда мықтылық керек. Одан бөлек, біз үшін қандай жағдай болмасын әділдік бірінші орында екенін айтқым келеді, – деді облыстық соттың алқа төрағасы Жанат Оспанова.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: