Конституция

Бейсенбі, 02 шiлде, 11:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49 (2261)
30.06.2026
PDF мұрағаты

Серік Жұманғарин: Экономиканы болжауға бірыңғай зияткерлік модель қажет

02.07.2026

45 0

Фото: Ұлттық экономика министрлігі

Премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «01.AI» компаниясының бас директоры Кай-Фу Лимен кездесті. Тараптар макроэкономикалық болжау және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру үшін ЖИ пайдалану перспективасын талқылады, – деп хабарлайды KAZINFORM

Серік Жұманғарин дәстүрлі тәсілдерді қолдану кезінде сыртқы факторлардың тым құбылмалылығы есептеуді қиындататынын атап өтті.

— Біз үшін болжамдаудың сапалы болуы және экономикалық жағдайдың өзгеруін ертерек анықтау өте маңызды. Стандартты болжамдар әрқашан нарыққа сәйкес келе бермейді. Егер бұрын талдама бір айға немесе бір жылға жасалса, бүгінде икемді бағалау күнделікті қажет. Бізге кешенді сценарийлік талдау үшін бірыңғай зияткерлік модель керек, — деді вице-премьер.

Кездесуде сөз сөйлеген «01.AI» компаниясының басшысы Кай-Фу Лидің айтуынша, жасанды интеллект бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып жатыр. Жыл санап ол анағұрлым мықты әрі қолжетімді болып отыр. Оның айтуынша, жасанды интеллект адамға көп уақытты қажет ететін тапсырмаларды бірнеше минут ішінде орындай алады.

Ол мемлекеттік органдар үшін жасанды интеллектті күнделікті процестерді автоматтандыру үшін ғана емес, сонымен қатар стратегиялық шешімдерді қолдау құралы ретінде пайдалану маңызды екенін атап өтті. Кай-Фу Лидің пікірінше, ЖИ технологиялары экономикалық дамуды болжауға, әртүрлі сценарийлерді модельдеуге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, тәуекелдерді азайтуға және шешім қабылдау процесін жақсартуға көмектеседі.

Ол мемлекеттік органдардың басшылығы деңгейінде жасанды интеллектті енгізу қажеттілігіне ерекше назар аударды. Өйткені дәл осы тәсіл технологияның әлеуетін барынша ашуға мүмкіндік береді.

Кай-Фу Ли сонымен қатар ЖИ-дің кең таралуы әлемдік экономикаға айтарлықтай әсер ететінін, экономикалық өсуді жеделдетіп, еңбек нарығын, білім беру жүйесін және мемлекеттік саясатты бейімдеуді талап ететінін атап өтті. Осыған байланысты ол Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға көңіл бөлетінін жоғары бағалады.

Кездесу барысында Ұлттық экономика министрлігі үшін цифрлық шешімдер ұсынылды. Олардың ішінде 27 мемлекеттік органның деректері негізінде тәуекелдерді автоматты түрде бағалайтын және тексерулер тізімін қалыптастыратын бизнесті тексеруді автоматтандыру жүйесі, сондай-ақ нақты уақыт режимінде негізгі макроэкономикалық факторлардың экономикаға әсерін талдайтын экономикалық өсуді болжау платформасы бар.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның экономикалық саясатының болжамдылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект алгоритмдерін дамыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті. 

Айта кетелік Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ислам даму банкінің президенті доктор Мұхаммед әл-Джассермен кездесу өткізген еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: