Конституция

Бейсенбі, 02 шiлде, 11:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49 (2261)
30.06.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан Ресейге нарықтық шарттармен жанар-жағармай сатуға дайын

02.07.2026

39 0

Фото: shutterstock

Энергетики министрлігі Ресейдің Қазақстаннан реми түрле жанар-жағармай сұрағанын жоққа шығарды. Дегенмен Қазақстан Ресейге нарықтық шарттармен жанар-жағармай сатуға дайын, – деп хабарлайды  kursiv.media

«Ресей Федерациясы Үкіметінен автомобиль отынын сатып алу жөнінде ресми өтініш түскен жағдайда, Қазақстан өзара тиімді коммерциялық шарттар негізінде жанар-жағармай материалдарын жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын», – делінген хабарламада.

Мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы халықаралық келісім мен коммерциялық шарт артық отын болса ғана жасалады.

«Қазақстанның ішкі нарығын толық әрі үздіксіз қамтамасыз ету – сөзсіз басымдық болып қала береді. Экспорттық жеткізілімдер азаматтар мен ел экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қауіп төнбеген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін», -дейді Энергетика министрлігі.

Бұған дейін шетелдік басымлымдар Ресей отын дағдарысына байланысты Қазақстаннан 50 мың тонна жанар-жағармай сұратып жатқанын хабарлаған. Алайда Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ондай ұсынысты түспегенін айтты.

Украин дрондары кейінгі кезде Ресейдің энергетика нысандарына қайта-қайта соққы жасап, көрші елде отын тапшылығы орын алды. Соның салдарынана Ресейдің ірі жүк көліктері Қазақстанды арзан отын бекетіне айналдырып, толтырып бен құйып алып кетіп жатыр.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: