Дүйсенбі, 06 мамыр, 10:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

11 жасар бала өзіне қол жұмсады

21.11.2023

621 0

11 жасар бала өзіне қол жұмсады

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында 11 жастағы бала өз-өзіне қол жұмсаған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

18 қарашада Жамбыл ауданының Полиция басқармасына Ұзынағаш ауылында 2012 жылы туған кәмелетке толмаған бала өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша Жамбыл ауданының полициясында тіркелді», – делінген хабарламада.

Қазір түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сараптама тағайындалып, қажет тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: