Жұма, 26 сәуiр, 12:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

13 қызылордалық «102» мобильді қосымшасы арқылы көмек алды

31.03.2021

1218 0

1 ақпаннан бастап түрлі құқық бұзушылықтарға шұғыл әрекет ету мақсатында азаматтарға арналған жаңа сервис – «102» мобильді қосымшасы іске қосылды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қазіргі заманауи техникамен қамтамасыз етілген Жедел басқару орталығында (ЖБО) үлкен мониторлар орналасқан. Осы мониторларда тәулік бойы нақты уақыт режимінде қала бойынша шоғырланған бейнебақылау камераларынан деректер көрсетіледі. Мониторлар арқылы ЖБО қызметкерлері қаладағы орын алып жатқан барлық әрекеттерді  мұқият бақылайды.

Мұнда «102»мобильді қосымшасы арқылы аудио-видео қоңыраулары  да келіп түседі.

Бүгінгі таңда тұрғындардан 13 хабарлама келіп түсті. Олардың ішінде алаяқтық, тұрмыстық зорлық- зомбылық туралы ақпараттар. Бейне қоңырау арқылы – 5, аудио  арқылы – 2 және 6 смс-хабарламалар келді.

Мәселен, 23 ақпанда қала тұрғынынан қосымшаға интернет желісі арқылы алаяқтық фактісі бойынша смс хабарлама келіп түсті. Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары  жүргізілуде.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: