Дүйсенбі, 06 мамыр, 21:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Абайды оқы, таңырқа» атты сотталғандар арасында сайыс өтті

10.08.2023

229 0

          10-тамыз елімізде айтулы мереке. Бұл күні қазақтың белгілі ақыны, драматург Абай Құнанбайұлының туған күні. Бүгін Қазақстанның барлық қалаларында ақынға байланысты түрлі іс-шаралар өтеді. Соның бірі, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде Абай Құнанбайұлына арналған сотталғандар арасында танымдық шара ұйымдастырылды.

          Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жиында мекеме теологы бастап, ақын туралы қысқаша мағлұмат берді. Бұл шараға мекеме бастығының орынбасары әділет полковнигі Зиябеков Жәнібек Мелдебекұлыжәне Асыл мұра қоғамдық қорының маманы Ұлбибі Дастанқызы, «Сыр Дидар» газетінің редакторы Сәкен Алдашбаев  арнайы қатысты.

          Жазасын өтеушілер арасында өтіп жатқан бұл шарада екі турдан тұратын байқау болды.  Яғни, қатысушылар ақынның өлеңін жатқа айтып, қара сөздерін оқып, түсіндірді. Абай атамызға арналған шарада белсенді қатысқан қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Ең басты үш жеңімпазға құран кітап, құрма сондай-ақ, екі бірлік тарлан картасы сыйлыққа берілді.

– Бүгінгі өткізіп отырған іс-шарамызда жазасын өтеуші азаматтарды тек Абайды таныту мақсатында ғана емес, ең бастысы сотталған азаматтар психологиялық тұрғыда өздерін еркін сезініп, алға қарай ұмтылуға деген ынтасын ашу негізінде өткізіп отырмыз. Абай атамыздың туған күніне арнайы жиын өткізіледі дегеннен бастап, сотталған азаматтар өздерінің қатысуға деген құлшыныстарын білдіріп, қуана келіскен. Бүгінде қатысқан азаматтардың барлығына арнайы сыйлықтар тарту етілді, -деді АКАӘПТЖББ-нің теологиялық жұмыстарды ұйымдастыру тобының аға инспекторы теолог маман Рузиев Рашид.

– Абай атамызды бала күнімізден оқып, білеміз. Бүгінгі шарада өзімнің белсенділігімді білдіріп, құлшыныспен қатыстым. Өлеңдерін қара сөздерін, өмірбаянын бірнеше күн оқып, жаттап міне, бүгін бірінші орын иесі атанып отырмын. Және де өзім қалап жүрген құран кітап пен тарлан картасы және құрманың иегері болдым,-деді Б есімді жеңімпаз жазасын өтеуші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: