Күрделі мәселенің күрмеуін шешуге күш салған артық етпейді. Әсіресе, күн тәртібінен түспейтін жемқорлықпен күресті бәсеңдетуге болмас. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу тақырыбында келелі жиын өтті.
Қоғамдағы кесел туралы кесек ойға кезек беріліп, нақты мысал да келтірілді. Алдымен, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Наурызбаев Бахыт Абибуллаұлы басқосудың мәні мен мақсатын айтып өтті. Ал, жиынға арнайы қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы құмар ойынға әуестік, жеңіл жолмен табыс табуды көздеу, қызметтік мүмкіндікті жеке пайдаға жарату – мұның бәрі адамды кәсіби жолдан тайдыратынын ескертті.
Жең ұшынан жалғастын жемқорлықтың құрдымға жіберері рас. Бұл ретте, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті Өзіндік қауіпсіздік тобының АМІЖ аға жедел уәкілі әділет подполковнигі Жоламанов Серік Данабекұлы жеке құрамға заңдылықты сақтап, әр әрекетте әділдік пен жауапкершілікті алға қою қажеттігін айтты.
З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!